Зура Жүсіпбаева – педагог

Зура Сапарқызы 1977 жылы туған, жоғары білімді, 2000 жылдан бері Қаражар негізгі жалпы білім беру мектебінде жұмыс істейді, жоғары біліктілік санаты бар, педагогикалық өтірі 20 жыл. Жұмыс істеген жылдар ішінде Зура Сапарқызы өзін әріптестері және оқушылар мен олардың ата-аналары арасында лайықты беделі бар сыпайы, кәсібилігі жоғары қызметкер ретінде көрсеткен. Жақсы кәсіби дайындығы бар, өз пәнін біледі және сүйеді. Сабақтарын жоғары әдістемелік деңгейде, индуктив дидарласу, проблемалық жағдайлар, талқылау әдістері қолдана отырып өткізеді. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп, жауаптарын дәлелдеуге үйретеді, назарды басты нәрсеге аударады, балаларға қосымша әдебетпен жұмыс істеуге дағдыландырады, ТОЖ, компьютер, электронды оқулықтар, орыс және шетел суретшілерінің репродукциясын тиімді пайдаланады. Орыс тілін үйреткенде жаңа материалды түсіндіру барысында тірек конспектілер қолданып, оқылатын материалды бөлшектеп береді. Оқытылған материалды жалпыландыру барысында орыс тілінің қызықты сабақтарына көп көңіл бөледі.  Ол 5-7 сыныптарға қызықты орыс тілі сабақтар жүйесін әзірлеген. Өз пәнін оқыту әдістемесінде үнемі жаңа нәрселерді тануға ұмтылады, сабақтары заманауи талаптарға сай келеді. Сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін: жады, елестету, жалпы ойлау, ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытуға көп көңіл бөледі. Сабақта оқушылардың танымдық қызметін белсендіру сабақтың мақсаты, прооблемалық сұрақтарды нақты қою және оларды бұрын оқылған материалға сүйене отырып шешу жолымен жасалады. Ұтымды қойылған сұрақ арқылы оқушылардың зерттелетін құбылстың мәнін түсінуіне қол жеткізіледі. Оқушылардың сабақ үстінде және үй тапсырмасын орындау барысында өздік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға жүйелі түрде көңіл бөледі. Кластан тыс жұмысты оқушыларының  сөздік қорын байыта отырып ұтымды жүргізеді. Пәнге деген қызығушылық шақыру үшін сабақта ұжымдық және жеке жұмыс үлгілерін қолданады, дидактикалық ойын материалдарын жиі қолданады. Пәнге деген қызығушылықты сіңіру үшін мұғалімнің білімі, сауатты және эмоциялы сөйлеуі маңызды. Әдебиет сабағында оқушыларға шығармаларды оның идеялық-көркемдік ерекшелігін ескеріп талдауды, шығарманың идеялық мазмұнын ашудағы кейіпкердің рөлін анықтауды, авторлық ұстанымды көруді, шығарма мен кейіпкерлер туралы пікірін негіздеуді үйретеді. Зура Сапарқызының оқушылары жыл сайынғы "Золотое руно" халықаралық байқауының, «Айналайын» облыстық байқауының жеңімпаздары. 9 сынып оқушылары бірнеше жыл қатарынан ауданда көшбасгы болып АМБ-дан жоғары нәтижелер көрсеткен. Үлкен жұмыс тәжірибесі мен пән бойынша тамаша білімі бар, оқыту әдістемесін жақсы меңгерген Зура Сапарқызы Жүсіпбаева 2007, 2010, 2013, 2015 жылдары мұғалімдерге арналған аудандық олимпиаданың жеңімпазы, 2010 жылы орыс тілінен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиада жүлдегері, 2015 жылы облыстық мұғалімдер олимпиадасының жеңімпазы болған. 2014 жылы Облыстық тамыз педогогикалық қызметкерлер жиналысында ұлттық ауыл мектебінде орыс тілін оқыту мәселелері туралы баяндама жасаған. Зура Сапарқызы мектеп пен ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады: кәсіподақ өткізген шаңғы жарысынан екі жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болған.