Зоя Бөлекова – Әйтеке би ауданының әлеуметтік саласын дамытуда ерен еңбек еткен жан

Зоя Мекетайқызы 1957 жылы 1 мамырда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында дүниеге келді.  Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Орыс тілі мен әдібиеті» пәнінің мұғалімі, Алматы басқару және саясаттану институтын «Саясаттанушы, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында әлеуметтік саяси пәндері оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады.  Еңбек  жолын Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылындағы Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Қарабұтақ аудандық партия комитетінде нұсқаушы және Қарабұтақ аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Вильнюс қаласындағы жоғарғы партия мектебінің, Алматы басқару және саясаттану институтында тыңдаушысы, Қайрақты селолық Советінің төрайымы, Талдық ауылдық округінің әкімі, Талдысай ауылдық округінің әкімі, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі, Әйтеке би ауданы әкімінің әлеуметтік саласы бойынша орынбасары қызметін атқарып, осы аталған қызметтен зейнеткерлікке шықты.

 Зоя Мекетайқызы Бөлекова қызмет атқарған уақыттарда өзін білікті басшы ретінде көрсетті. Қазіргі уақытта да Әйтеке би ауданының әлеуметтік экономикалық дамуына бар күш жігерін үнемі жұмсап келеді. ауылдардағы түйіні шешілмей отырған көптеген проблемалардың шешімін тауып, өзі басқарған ауылдардың гүлденуіне септігін тигізді. Оның арқасында біраз іс-шаралар, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Ауыл таланттарын биікке шығаруда ерен еңбек етті. Білдей ауданның абыройлы, сыйлы азаматшасы еңбегінің жемістері  ретінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Конституциясы 10 жылдығының құрметіне «Құрмет грамотасы», Ақтөбе облысының жыл адамы-2010,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, 2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталды және Әйтеке би ауданының "Құрметті азаматы" атағын иеленді.