Жеңіс Жұбанқосов – мүсінші

Жеңіс 1980 жылдың 5 мамырында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Бала кезінен бастап сурет өнеріне қызығушылық танытып көркем сурет лицейінде оқыған. 1999-2001 жылдар аралығында мүсінші мамандығында Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясян тамамдаған; 1997-2001 жж. Алматы қаласындағы Қазақстан вокзалдарын, мешіт пен Абай атындағы опера театырын қайта өндеу мен жаңғыртуда ат салысқан; 2001 -2003 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы өнер Академисянының магистратурасын аяқтаған; 2001-2003 жж. Алматы қаласындағы әр-түрлі сауықтыру орталықтарында безендіру жұмыстарын жүргізді. 2003 жылы Атырау қаласындағы «Махамбет пен Исатай» мүсінінің жасалуына үлкен үлес қосқан;  Сонымен қатар Орал қаласындағы  симпозиумының қатысушысы; 2005 жылы Ақтөбе қаласындағы «Алия Молдағұлованың» мүсінінің орнатуына ат салысқан; 2001-2007 жылдар аралығынада Алматы қаласында дизайнер әрлеуші  ретінде жұмыс жасаған; 2008 жылы Ақтөбе қаласындағы «Айтеке-би» мүсінінің авторы; 2009 жылы «Қобыланды» мемориальдік кешенінің  әрлеу жұмыстарына ат салысқан; 2010 жылы Ақтөбе қаласындағы «Руханият» музейінің дизайнерлік  шешімін үйлестіруші; 2011 жылы  Чернобыль АЭС-ындағы апатты жоюға қатысқан үлесін бейнелеген мүсіннің авторы,   «Бөкенбай батыр» және  «Санкібай батыр»  мүсініне арналған байқаудың жеңімпазы , сонымен бірге музейлер дизайының арлеуіне ат салысқан; 2013 жылы Ақтөбе қаласындағы драматург Т.Ахтанов және  ақын Қуандық Шаңғытбаевқа арналған мүсіннің авторы.