Қазақстан Республикасының жас тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан кезінде Жанна Юрьевна Бороздина «Павлодар трактор зауыты» ӨБ жетекші инженері бола тұра, Павлодар қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. 5 жыл бойы (1994-1998 жылдар аралығында) ол жан аямай жас әйелдердің, балалар мен жастардың мәселелерін шешумен айналысты.

Он алты жыл бұрын жаңадан қалыптасып келе жатқан жас мемлекетте әлеуметтік мәселелер аз болмады. Жас аналар үшін ең қиын мәселелердің бірі – балабақшалардың бар болуы, өйткені олар дәл сол кезде жабылып, оқу орындарының ғимараттары сатылып жатқан еді. Жанна Юрьевна 42 балабақшаны сақтап қалу үшін барлық күш-жігерін салды,  кейіннен олардың барлығы іске қосылды. Мәслихатта Жанна Юрьевна ең жас депутат болып саналған еді. Жастар мәселесімен айналысқан дәл осы кісі. Қазіргі уақытқа дейін өзекті болып табылатын мәселесімен бастамашыл адамдар айналыса кетті де, кейіннен «Әйелдер-Ұлт болашағы үшін» қоғамдық ұйымын ұйымдастырған. 8 жыл бойы Жанна Юрьевна дағдарыс орталығын ашу идеясын үнемі көтеріп отырды. Нәтижесінде баяғы 2003 жылы Қазақстанда жалғыз қиын өмірлік жағдайға (зорлық құрбандары) тап болған балалары бар жас әйелдерге арналған Дағдарыс орталығы ашылды.

Ол өзіне-өзі қол жұмсау тәуекелін, трафикті, әлеуметтік жетімдікті, балалар еңбегінің ең нашар формаларын алдын алуына, сондай-ақ азаматтық белсенділікті, құқықтық және психологиялық сауаттылыққты қалыптастыру мен дамуына, рухани-адамгершілік тәрбиеге және отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға ерекше назар аударды. Ата-аналарға да, балалар мен жасөспірімдерге де арналған әдістемелік құралдар топтамасын әзірлеп шығарды. 2016 жылы «Павлодар облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрайымы болып сайланды. Тұрақты түрде қала мен облыстың әлеуметтік міндеттерін шешуде мемлекеттік органдарымен (білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, жастар саясаты) бірге қызмет етіп келеді. Қоғамдық қызмет ету кезінде жас ұрпақтың ресурстық мүмкіндіктерін, олардың білім беру деңгейін арттыруға бағытталған аймақтық, облыстық және республикалық маңызы бар ондаған әлеуметтік жобаны іске асырған. Жобалардың көбін волонтерлік негізде, өз қаражатынан іске асырып отырды. Жанна Юрьевна әрқашанда, көп жағдайда алдыңғы қатарда.