Жандос Паңгереев - кәсіпкер

Жандос Паңгереев "Каспий Плюс" компаниясының директоры, ол 2012 жылдан бері тау-кен  және мұнай өнеркәсібіне арналған бекітпе бұйымдар жасау компанияларын басқарады. Осы уақыт аралығында компания бұрын таяу және қиыр шетелден алдырылатын өнімдердің 500 түрін шығарды. Бүгінде "Каспий Плюс" компаниясы өнеркәсіп нарығында белсенді дамып келеді. Құю өндірісін іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Компания әрі қарайғы дамуы үшін  «API» халықаралық стандарттағы аккредитациясынан өткен. «Каспий Плюс» тең дәрежеде технологияларды дамытып, түрлі өндірістік салаларға аргалған жабдықтарды қолдауды қамтамасыз етеді. Компания Жандос Паңгереевтің басшылығымен технологияларды дамытудан бөлек жыл сайын мамандарды Мәскеу қаласына  «DMG Mori» академиясына біліктілікті арттыру курсына жібереді. Осылайша ол Ақтөбе облысының тау-кен өндірісі саласын дамытуға үлкен үлес қосты.

Жандос Болатұлы өнім шығарудың қарқындылығын арттыруға, негізгі және айналымдағы құралдарды дұрыс пайдалануға бағытталған тиімді шараларлар қолданады. Өндірісті ұйымдастыру пен оның технологияларын жетілдіру шараларын өзі басқарып, негізгі күшті өндірістік процестерді автоматтандыруға, ақауларды болдырмауға, шикізат пен электр энергиясын үнемдеуге еңбекті ұйымдастырудың озық түрлерін енгізуге бағыттайды.