Жанайдар Қанатұлы «Бірлік» интеллектуалды дебат клубының, Бизнес және құқық факультетінің студенттер конгресінің, «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, 2016 жылдың қыркүйек айынан Ғылыми Кеңес стипендиаты, 2017 жылдан бастап Президент стипендиясының иегері.
      Мектепте республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының жеңімпазы,Қазақстан тарихы пәнінен аудандық олимпиаданың 2-орын иегері атанған.Сонымен бірге,дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, құқық пәндерінен болған интернет олимпиадаларда үздік нәтижелер көрсеткен.
    Көптеген ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдерге қатысқан. Бірқатар біріккен және жеке жазылған 20 мақала мен 4 әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы жобалардың авторы.2016 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша  республикалық пәндік олимпиадада ІІ орын, 2017 жылы дәл осы жоғарғы оқу орнында аталмыш олимпиадада университет құрамасының қатарында болып ІІІ орын иеленді.Сонымен қатар 2017 жылы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өткен «Заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті проблемалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жылы «Үздік студент-2018» медалімен марапатталып, «Жас қыран» атты республикалық талантты студенттердің кітап жинағының бірінші шығарылымына енді. 2018 жылдың маусым айының 7-8 күндері Назарбаев Университетінде өткен «Озық технологиялар дәуірінде жоғары білім беру саласын инновацияландыру» тақырыбында VII  Жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық форумына қатысты.