Тұрсынай Кенебаева – жеке кәсіпкер, акушер-гинеколог

Тұрсынай Жолдасбекқызы 1970 жылы 1 сәуірде Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген. Қазіргі таңда, Жолдасы екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. 1990-2011 жылдар аралығында медицина саласында акушер-гинеколог болып және фармацевтика саласында абыройлы қызмет атқарып, елдің алғысын алған болатын. Ал 2009 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып тіркеліп, дәріхана ашты.

Қазіргі таңда Тұрсынай Жолдасбекқызы аудандағы дәріхана саласын дамытуға үлес қосып келеді.Т.Кенебаева ауданның әлеуметтік бағыттағы іс-шараларына белсене қатысады. Жосалы кентіндегі ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға материалдық көмек көрсетеді. Тегін дәрі беріп, көптің алғысын алып келеді.