Татьяна Чучупалова – қолөнерші.

Көгілдір көзді аққұба жан ежелгі қазақ қолөнері – киіз илеумен он жылдан бері кәсіби айналысады. Татьяна Чучупалованың шеберханасы өнімдерінің деңгейі жоғары, ол Шығыс Қазақстан облысын халықаралық көрмелерде, оның ішінде Астанада ЭКСПО-2017-де көрсетілім құықығына ие болды.

Татьяна Чучупалова Глубокое ауданының Верхнеберзовский ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін қызыл дипломмен және магистратурасын бітіріп, облыстық ғылыми-өндірістік орталығына инженер-қоныстандырушы болып жұмысқа кіреді, онда ол 4 жыл жұмыс істейді.

Ол ежелгі өнермен айналыса бастады, «ДАМУ» орталығының қызметкерлері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және БҰҰДБ-ның қвзметкерлері өткізетін біліктілігін жоғарылату курстарына, тренингтер мен семинарларға қатысты. Ол бизнес-жоспарлауды және өз өнеркәсібін ұйымдастыруды оқып, интернеттен қолөнер шеберлігін арттырып отырды.

Содан кейін ол БҰҰДБ-ға өтініш білдіріп, туған ауылында шеберхана ашу үшін 4 млн. теңге грантты жеңіп алды. Ол бұл қаражатқа үстелдер, стеллаждар, киіз басу машинасын сатып алды және бірнеше ай бойы үйренем деушілерді тегін үйретті. Таня Астана, Тараз, Бішкек, Бірккен Араб Әмірліктерінің отандық және шетелдік қолөнершілері өткізген шеберлік сабақтарына қатысты.

Ол өз жерлестерінің әл-ауқатына қамқорлық жасайды, адамдарға көмектеседі, тәжірибелерімен, шеберлік құпияларымен бөліседі. Өзінің бизнесін кеңейтіп, зауыт ашқысы келеді.