Тахир Мухамадеев – тарих ғылымдарының докторы, әскери ғылымдар доценті, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, ҚР Әскери ғылым академиясының академигі, отставкадағы полковник.

Ертеде – «Арна» Көкшетау коледжінің директоры, гуманитарлық-педагогикалық институт ректоры. «КСРО Қорғаныс Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен марапатталған, Қазақстанда және шетелде 120-дан астам ғылыми мақаласы, 10 оқу құралы және екі монографиясы жарық көрген. Стратегиялық мақсатты ракета әскерінде қызмет атқарды, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының, Ұлттық қорғаныс университетінің (ҰҚУ) факультетін басқарды. Харьков жоғары әскери командалық училищесін (инженер-энергетика) және Ф.Э.Дзержинский атындағы Әскери академиясының командалық факультетін (Мәскеу қаласы, жедел-тактикалық командалық-штабтық, жауынгерлік іс-қимылдарды басқару офицері) үздік аяқтады. Стратегиялық мақсаттағы ракета әскерінде қызметін өтеді: топ инженері, полктің БЛКЖО комитеті хатшысы, топтың саяси істер жөніндегі орынбасары, топ командирі, полк штабының бастығы, жеті жыл ракеталық-ядролық полк командирі, Украинаның ҚМ СЯК Әскерді әкімшілік басқару орталығының бақылау тобының бастығы. Украинаның осы әскерінде жер астында 30 метр тереңдікте бөлімнің әскери дайындығын қамтамасыз етіп, 27 жыл қызмет етті. Дәл осы жерде он шахталық іске қосу қондырғысының стратегиялық ракеталарының пульті (ең басты батырмасы бар) болды, олардың әрқайсысында алты әскери блок болды. Бұл – қуатты заманауи қару. 1988 жылы, отыз бес жасында полк командирі болды. Командалық құрамның 1990 жылы Бүкіл әскери мәжілісіндегі сөйлеген сөзім есімде қалыпты. Кеңес одағының бірінші және жалғыз президенті Михаил Горбачевтан және КСРО қорғаныс министрі Дмитрий Язовтан кейін үшінші болып сөйледі. Мәжілісте қорғаныс министрімен трибунада тұрып әскери тәртіпті нығайту мәселелері жөнінде қызу талқылап, сөз сөйледім. Кейін, осы жылдың желтоқсан айында мерзімінен бұрын полковник атағын және 3-дәрежелі «КСРО Қорғаныс күштерінде Отанына қызмет еткені үшін» орденін алдым. Полкты басқару, атап айтқанда, солдаттың тәрбиелік процесін әрқашан өз тактикаммен жүргіздім. Мысалы, «әскерден қайтуға» бұйрыққа дейін 100 күн ішінде шашты тақырлап алып тастау дәстүрі бар. Осыны біле тұра, профилактика мақсатында, әскерден қайтатын солдат жас солдаттардан ешқандай ерекшеленбейтіндей, барлық полктің шашын тақырлап алып тастауға команда беретінмін, олар тек мықты білімімен ерекшеленеді – міне осылай олардың көзін жеткізетінмін. Тоқсаныншы қайта құру жылдары оңай болмады, сол жылдары бірнеше айлап офицерлер жалақы алмады. Ракеталық орындарда қатар орналасқан қосалқы шаруашылықпен ынтымақтастық туралы келістім. Біздің  әскери қызметшілер оларға астықты жинауға көмектесті, олар бөлімге оның орнына ет, картоп, алма жеткізіп отырды. Ядролық қаруды және Украиндағы полк тарағаннан кейін 1997 жылы жұмыстан босадым және Отаныма Петропавл қаласына көшіп келдім. Еліміздің үздік оқу орындарының бірі болған Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде әскери кафедра ашуымды ұсынды. Әскери карьерамды жасағаннан кейін, ғылыммен айналысамын деп шештім, себебі менің жанымда ғалым әріптестерім, қолымда Харьков жоғары әскери командалық училищесінің «Инженер-энергетик» мамандығы бойынша және Ф.Э.Дзержинский атындағы Москва әскери академиясының командалық факультетінің үздік дипломы бар. 1998 жылы ҚР ҚК-іне шақырту алдым. 1998 жылдан 2004 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының бастығы болдым. Ұлттық қорғаныс университетінің (ҰҚУ) факультет бастығы бола жүріп, 2006 жылы тарих ғылымы бойынша: Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің құрылуына және дамуына ядролық фактордың әсері атты кандидаттық диссертациямды, кейін 2010 жылы Қазақстанның әскери стратегиясының құрылуы мен дамуы: тарихи аспект туралы докторлық диссертациямды қорғадым. 2006 жылы әскерде қызмет өткерген жылдарыма байланысты жұмыстан шықтым. 2006 жылдан бастап 2008 жылдарға дейін «Арна» Көкшетау колледжінің директоры, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі вице-президенті болдым. 2006 жылдың шілде айынан бастап 2006 жылдың қазан айына дейін Көкшетау гуманитарлық-педагогикалық институтының ректоры (құрылтайшылар институтты Түркістан қаласына көшірді, мен отбасылық жағдайыма байланысты бармадым) болдым. 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің МО және СГД кафедрасының доценті. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап ҰҚУ докторантура профессоры. 2013 жылдың ақпан айынан бастап ҰҚУ Ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры.

120-дан астам ғылыми мақаласы, 10 оқу құралы және монографиясы бар. Ғылыми зерттеу саласы – бұл әскер тарихы мен политология, ұлттық және әскери қауіпсіздік, ядролық фактор және дүниежүзілік саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық лаңкестік. ҰҚУ диссертациялық кеңестің, ААНК ғылыми-сараптау тобының мүшесімін.