Сұлтан Қуанышев – полиция қызметкері

Сұлтан Мұратұлы Қуанышевтың аты бүгінде солтүстік қазақстандықтарға ғана емес, облыс шекарасынан алыс аймақтарға да танымал. Ол жайлы республикалық және облыстық БАҰ журналистері қатардағы қызметкер ретінде жазған жоқ. Петропавл қ. ІІБ жол-патрульдік полициясының батальон қызметкері, полиция сержанты Сұлтан Қуанышев ержүректік ісімен ерекшеленіп, өмірін қатерге тіге отырып 73 жасар зейнеткерді оттан алып шыққан. Петропавл қ. ІІБ жол-патрульдік полициясының батальон қызметкерінің ісі туралы әріптестері видеожетон материалдарынан білген.

Ақпанның ортасында ол серіктесі аға сержант Руслан Матеновпен 19 шағын ауданда қызмет атқарған. Хромзауыт ауданындағы өрт туралы шақырту алған бойда ол 5 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Көрші әйел өртке оранған үйдің ішінде қожайыны бар екен айтқан. Руслан жапсар аймақты қарап жүргенде, Сұлтан бір минут та жоғалтпастап үйге кіріп барған, бірақ қою түтін сержанттың жолын бөгеген. Полиция қызметкерінің айқайына ешкім жауап бермеген, ал бірдеңе байқау мүмкін емес-ті. Терезе ашып, қырылдаған дауысқа қарай еңбектеп, ер адамды іздей бастаған. Үш метр жүрген соң Сұлтан оны есінен танған күйінде тауып алды. Таза ауаға шығарып, оны «жедел жәрдем» дәрігерлерінің қолына тапсырған, оларға 73-жастағы ер кісінің өмірі үшін күресуге тура келген. «Мың алғыс. Шынын айтқанда, жазылуға деген үміт аз еді, 8 күн реанимацияда жатқан. Біз ылғи полиция қызметкерлерінің жұмысына міндетті нәрсе ретінде қараймыз. Бірақ олар сол сәтте ол жерде болмауы да мүмкін еді ғой. Олардың адами, нағыз ерлік ісіне рахмет», - деп зейнеткердің жұбайы Галина Махметова полиция қызметкерлері мен дәрігерлерге алғыс білдірді. Қазір отағасы дін-аман және оның нағыз құтқарушысы кім екенін де білмейді.

Сұлтан Қуанышев ішкі істер органдарында 2014 жылдың сәуірінен бері, ал қазіргі лауазымында 2014 жылдың қыркүйегінен бері қызмет етеді. Қызмет еткен уақыты ішінде талапшыл да бірбеткей қызметкер, сауатты маман ретінде өзін жағымды тұсынан көрсеткен. Жұмыс тәжірибесі жеткілікті, теориялық білімі мен кәсіби тәжірибесін күнделікті жұмысына ұтымды пайдаланады. Қызметтік мәселелерді шешкен кезде басым бағыттарды анықтай алады. Жұмысқа қабілеті жақсы, өз ісін саналы жоспарлай біледі.