Салтанат Қалимолдаева (Бекенова) – дәрігер

Мен табиғаты көркем, тыныш жер Қазгородок ауылында дүниеге келдім. Қазір ол жерді Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Үлгі ауылы деп өзгертті. Барлық балалар сияқты менің де өз арманым болды. Мамандық таңдауыма Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, анамның «Сен көркем әдебиетті жақсы көресің. Сенің сүйікті жазушыларың – Чехов, Булгаков, Вересаев, Станислав Лем. Ал олардың барлығы дәрігер болған. Әдебиет пен дәрігерлік мамандықты біріктіріп, дәрігер де болуға болады» деген сөздері әсер етті. Бұл сөздер менің ойымды түбегейлі өзгертті және мен медицина мамандығын таңдадым. Адамдарға кеселінен айығуға көмек беру және жақсылық жасау – игі іс.

Ақ халатты абзал жандар адам өмірін арашалап қалды деген пікірді есту құлаққа жағымды. Міне, мен 33 жыл уақыттан бері дәрігер болып қызмет атқарып келемін. Әртүрлі лауазымда қызметтер атқардым. Ал қазіргі таңда клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісімін. Негізгі міндетіміз иммундық (иммундық статусты зерттеу), радиоиммундық (гипофиза гормондарын, қалқанша бездерін, бүйрек үсті безін, жыныс бездерін анықтау), сеорлогиялық зерттеулерді және иммуноферменттік талдауды (инфекцияны, нақтырақ айтқанда вирусты гепотиттерді, жыныстық жолмен берілетін инфекцияны, паразитті инвазияны, аутоиммундық және аллергиялық ауруларды  диагностикалау) орындау. Біздің зертханағажаңа прогрессивті әдістер енгізіліп отырады және аллергиялық, аутоиммундық аурулар мен иммун жетіспеушілікті емдеуде үлкен тәжірибесі бар.