Руслан Тұрынтаев - музыкант

1998 жылы 25 тамызда Ташкент қаласында дүниеге келген. 2004 жылы отбасымен бірге Астанаға көшіп келген. Ол музыкалық отбасыда дүниеге келген. Әкесінің көптеген жыладр бойы үлкен музыкалық ұжымдарда жұмыс істегені баланың көңіл-күй жағдайына әсер етпей қоймаған. Тоғыз жасар кезінде-ақ ол өмірлік мақсатын анықтаған – скрипкашы болып өзін музыкаға арнағысы келген. Біраз уақыт Астанада оқып, ол балаға тән емес жігер танытты: 30-жылдары П.И. Чайковский атындағы консерватория жанынан ашылып, музыка саласындағы әлемдік жұлдыздардың мектебі болған Орталық музыка мектебіне оқуға түсуге шешім қабылдады. Бұл мектепті кезінде Леонид Коган, Владимир Спиваков, Денис Мацуев, Александра Пахмутова, Родион Щедрин және т.б. секілді мықтылар бітірген. Ол 12 жасында емтихан тапсырып, аталмыш оқу орнына қабылданған, ол жерде тек дарынды балалар оқитын. ОММ-да оқып жүргенде ол жоғары деңгейдегі концерттерде қатысқан. Оның гастрольдік бағыттары -   Малайзия, Мексика, Израиль елдері, Еуропаның Берлин, Париж, Рим, Прага, Карловы Вары қалалары. 2014 жылы Мәскеу қаласында өткен П.И. Чайковский атындағы VIII Халықаралық жасөспірімдер байқауы салмақты сынақ болды, онда ол жеңімпаз болып, тұңғыш рет қазақ музыканттарының саңлақтары арасынан алтын медальға ие болды. Консерваторияға скрипка сыныбы бойынша қабылдау емтихандарында ол 98 балл алып, тізімде бірінші болып өткен. Қазір Руслан жаңа ірі халықаралық байқауларға дайындалып жүр.