Роза Тасмағамбетова - заңгер

Кәсіпкерлер мүддесін қорғау мақсатында сот процесстеріне тұрақты түрде қатысып, істі қорғалушылардың пайдасына шешіп береді. Бұл Роза Мырзабекқызының жоғары біліктілігі мен кәсібилігінен хабар береді. Бұдан басқа Роза Мырзабекқызы ҚР Заңдарын қарастыруға белсенді қатысады, ол Салық заңнамасына электронды шот-фактура, қоршаған орта эмиссиясы, компаниялар үлескерлігі бойынша өзгертулер енгізіп, олар кейін қабылданған. 2016 жылы Кедендік Одақ техникалық ережелерін қолдану бойынша шұғыл  мәселе көтеріліп, Роза Мырзабекқызының арқасында республикалық селектор өткізіліп, уәкілетті тұлғаның сәйкестік сертификатын растау тұсына өзгертулер енгізілді. 2016-2017 жылдарда ол 27 кәсіпкерді заңсыз тексеруді болдырмады. Атбасар ауданының кәсіпкерлер палатасы көмек пен қолдау көрсететін үйге айналды. Бастау-Бизнес жобасының қатысушыларымен бірге жасалған ерен еңбектің арқасында 44 кәсіпкер тіркеліп, белсенді жұмыс істеп жатыр. Олардың бірі Ақмола облысы жобаларының үздік үштігіне және Республика бойынша 30 үздік жоба қатарына енген. Роза Мырзабекқызы Атбасар ауданы имиджіне көп күш салады, мысалы осы жылдың 28 шілдесінде тұңғыш рет Атбасар ауданының кәсіпкері «Интер трайд»   ЖШС айтулы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында, «Үздік азық-түлік өнімі» атауында бірінші орынға ие болды. Атбасарлық «КазТехникс» ЖШС «Өндірістік бағыттағы өздік өнім» атауында былтыр екінші орын алса, биыл бірінші орынға қол жеткізді.

 Ауыл шаруашылық басқармасында заңгер болып жүріп, ол кезде өнімдер бүкіл одақтан жеткізілгендіктен, Мәскеу және басқа қалаларға Арбитражды сотта ауыл шаруашылық құрамаларын қорғауға барып, жеңіспен оралып жүрген. Роза Мырзабекқызы үшін басты сый – адамдардың алғысы. Ол шыншылдықты, отансүйгіштікті, іске деген адалдықты терең бағалайды.