Роза Болдағарина Музей педагогикасын өткізудің бастамашысы, Жеңістің 60 жылдығына арналған “Еске алу вахтасының” бастаушысы.1998 жылы Елбасының Жарлығымен «Астана» медалімен марапатталды. Ақтөбе қаласының 2010 жылғы «Жыл адамы». Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған «Ақтөбе облысының  Естелік кітабы» телевизиялық фильмінің редакторы, Ақтөбе қаласының 140 жылдығына арналған «Арайлы Ақтөбем» фильмінің бас редакторы,  ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалінің иегері.  Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалінің иегері.

Болдағарина Роза Баянқызы 1946 жылы туылған, білімі жоғары. Орал педагогика институтын және Ленинградтағы жоғарғы педагогика курсын бітірген. Еңбек жолын 1969 жылы Ақтөбе қаласындағы №2 мектептен бастады. 1976-78 жылдар аралығында  Ақтөбе педагогика институтында ағылшын тілінің мұғалімі болып істеді. 1980 жылдан №19 мектепте ұстаздық қызмет етеді. 1985 жылдан бастап облыстық тарихи-өлкетану музейінде аға ғылыми қызметкер, 1997 жылдан ғылыми-ағарту және мәдени-көпшілік жұмыстар жөніндегі жетекші ғылыми қызметкер.  Роза Баянқызы жұмысқа жауапкершілігі мол, музейдегі еңбек жолында білімін толықтырып, мамандығын игеріп шыңдалған қызметкер. Қала тарихына арналған 5 тақырыптағы, облыстық тарихи-мәдени орындарына – Абат Байтақ, Қызылтам, тама Есет батыр комплексі - экскурсияларды үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде жүргізді. Роза Баянқызы мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындары студенттерімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Республикада алғашқы рет Ақтөбе облыстық музейі ұйымдастырған музей педагогикасы бағдарламасын 1994-1996 жылдары №30 мектепте лектории – сабақтары түрінде бастаған Р.Болдагаринаболатын. Тілге шешен, сөздері көркем сөйлеу, шеберлігі, мәдениеті жоғары. Тыңдаушыларын баурап алады. Жеңістің 60 жылдығына арналған “Еске алу вахтасының” бастаушысы. Радио, теледидардан облыс тарихына байланысты хабарламалар жасап тұрды. Ақтөбе тарихына арналған «Арайлы Ақтөбем» атты телехабар ұйымдастырды. Қалалық ономастика комиссиясының мүшесі. Музей өміріне қатысты өткізген түрлі шаралары жоғары бағаланады. Облыста абройлы, мәдениет қызметкерлері арасында белгілі музей қызметкері, халық арасында танымал, жұртшылық Роза Баянқызын жақсы  біледі. Португалияда басылып шығарылған әлемдік “Экслибрис” энциклопедиясына Ақтөбелік суретшілер Әнуар Өтеген-тана және Мәрзия Жақсығарина туралы ағылшын тіліндегі көлемді мақаласы музей қызметкерлерінің деңгейін көрсеткен еңбек болды. Швейцариядағы Бизнес және Басқару жоғарғы Институты шешімімен Ақтөбе музейі мінсіз іскерлік беделі үшін Алтын медальмен наградталды. Музейдің осындай табыстарына Роза Баянқызы белсенді еңбегімен зор үлес қосты. Белсенді қызметінің арқасында Роза Баянқызы космонавтар отрядынан Жұлдызды қалашыққа шақыру алып, Москваға барып келді.