Олег Фроимчук – «Силумин-Шығыс» инженерлік компаниясының бас директоры. Ол идеяны шабыттандырушы, тиімді басшы, сауатты ұйымдастырушы, бизнестің жарқын өкілі және заманауи басшының үлгісі.

16 жыл ішінде Олег Фроимчуктың басшылығымкен «Силумин-Шығыс» ЖШС кішігірім  сауда-делдал серіктестігінен тұрақты, қарқынды дамып келе жатқан, 600 қызметкері бар кәсіпорындар тобына айналды. Олег Фроимчуктың еңбек қызметі кадрлар маңыздылығы, өндірісті үнемі дамыту және номенклатураны нарықтың қазіргі талаптарына сай кеңейту ұстанымдарына құрылған. Нарықтық экономиканың қиын жағдайында ол кәсіпорын қызметін мейлінше аз шығынмен, оның үстіне кәсіпорын штатын сақтай отырып жалғастыруға мүмкіндік табады. Жаңа бағыттар ашуғы бастама көтеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай жасайды. Компания ұжымының кәсіпорындарда, әлемдік өндірушілерде оқып, біліктілігін арттыруға мүмкіндігі бар. Жақсы жабдықталған офистер, спорт залы жабдықтары, дене шынықтыру тренерлері, ұжымды біріктіруге бағытталған түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, ұрпақтар сабақтастығы мен тәлімгерлікті ынландыру Олег Фроимчукты сауатты басшы және кәсіпорынның түрлі процестерін тамаша ұйымдастырушы ретінде сипаттайды.

Қызметкерлері үшін бас директор еңбекке құрметпен қарауды қалыптастырудың жарқын мысалы, іскерлік этика мен инабаттылығын, отансүйгіштігін, ісіне деген адалдығын ескерсек, өзімен бірге жаңа білімдерге, тәжірибеге, жеңіске жетелейтін көшбасшы болып табылады. «Силумин-Шығыс» ЖШС Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру, электрлік жабдықтау, жобаларды кешенді түрде жасау, өнеркәсіптің түрлі секторларының жабдықтарын өндіру және жеткізу саласында алдыңғы қатарлы орында. Компания ұсынатын шешімдердің жоғары нәтижелілігі мен сенімділігі ондаған ҚР нысандарын шынайы өмірде пайдалану жағдайында расталған. 2011 жылы «Силумин-Шығыс» ЖШС машина жасау кешені құрылды. Бұл дегеніміз жалпы ауданы 7 000 м2 асатын екі өндірістік цех пен заманауи қоймалық логистика кешені. 2015-2018 жылдары соңғы буынның автоматтандырылған орталықтары сатып алынды. Күн сайын өндірістік кешенде 400 бірліктен аса өнім шығарылады: ілмекті арматура, электр таратушы шкафтар, жиынтықты шағын станциялар, сорғы жабдықтары, блоктық модулдік ғимараттар, металл бұйымдары, дизайн өнімдері. Дербес жоба және конструктор бөлімінің болуы қажет жағдайда әр нақты жобаға жеке инженерлік шешім табуды қамтамасыз етеді. Олег Фроимчуктың күш салуы мен сауатты басқаруының нәтижесінде 2017 жылы «Силумин-Шығыс» ЖШС өнімі «SV» сауда белгісі республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауында өндірістік мақсаттағы тауарлар өндіруде Көшбасшы атағын жеңіп алды!

 Келешекте компания 2019-2022 жж. жабдықтың жаңа түрін өндіру бойынша ғылыми-инновациялық жоба жүзеге асыруды, робототехникалық шешімдер өндіру және ғылымға енгізу үшін ШҚО-да робототехникалық ғылыми-өндірістік білім беру кластерін ұйымдастыруды және шекаралас елдермен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.