Ольга Ростовщикова – хореограф

Ольга Николаевна Ростовщикова Петропавлда 10 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан «Sensitive» ансамбліне жетекшілік етеді, Ольга Николаеван есту мүкісі бар балаларға бал билерін үйретеді және естімейтін адамдар билей алмайды деген нанымды жеңуге көмектеседі.

Ольга Николаевна «Sensitive» спорттық-бал биі ансамблінің  жетекшісі болып жұмыс істейді, бұл есту мүкісі бар жұптар билейтін Қазақстандағы жалғыз спорттық-бал биі ансамблі.

Ұжым 2006 жылы мектеп-интернатта есту мүкісі бар балаларға қоршаған ортаға хореография көмегімен бейімделуге көмек көрсетуге құрылған. «Sensitive» бал биі ансамблінде түрлі жас топтарының 26 оқушысы бар. Есту мүкісі бар балалармен жұмыс істейтін Ольганың міндеті оларды жан-жақты дамыту және еститін адамдарға қолжетімді нәрсенің барлығына араластыру болып табылады. Бұл жердегі басты ерекшелік - Ольга әзірлеген би үйретудің көрнекі әдістемесі. Ым және тән тілінің көмегімен ол ансамбль қатысушыларына жаңа би туындыларын үйретеді. Ансамбльдің жанкүйерлері мен жеңіп алған марапаттары бар. Бірақ қазір де жетекшісі сахна  алдында тұрып ұжымының өнері көрсетуін дирижерлауды жалғастырып келеді. Жетекші мен бишілердің мұндай өзара әрекеті ерекше әсер қалдырады. Үлкен залда үш жұп пен олардың дирижері ғана жүргендей, ал айнала мүлгіген тыныштық секілді.

Ансамбль репертуарында латын америка және еуропа бағдарламасы, сондай-ақ заманауи хореография бар. Ольга Николаевнаның шәкірттері мектеп мерекелерінде және кластан тыс шараларда өнер көрсетеді, аймақаралық, халықаралық семинар, конференция, қайырымдылық концерттеріне қатысады.

Ансамбль халықаралық, республикалық, қалалық фестивальдар мен байқауларға белсене қатысады. Ансамбльдің соңғы кездегі жетістіктері: Болгарияда Нессебр қаласында өткен «Нұрлы би» ІІІ халықаралық фестиваль-байқауының «бал биі» атауында «19 жастан жоғары – ересек жастағы топ» жас санатында І дәрежелі лауреат атанған (2013 ж.), Мәскеу қ. «Inclusive Dance» халықаралық қайырымдылық би фестивалінде 1 орын; Евгений Кузьмин және Динара Сартаева – І дәрежелі лауреат, Евгений Кузьмин әртістігі үшін арнай диплом алған (2013-2014 жж., шілде); Мәскеу қ. «Inclusive Dance» халықаралық қайырымдылық би фестивалінде ІІ дәрежелі лауреат, жеке жарыста «А» классы – Е.Кузьмин, Д.Сартаев – 1 орын, П.Ткаченко, Е.Чуб – 3 орын, «D» классы – А.Радица, Е.Воропаева – 2 орын (24.11.2014) алған  және т.б. республикалық және одан тыс байқауларға қатысқан.