Нұржан Мақсатов – заңгер, құқық қорғаушы, әділет үшін күрескер, заң саласындағы ең жас ғалымдардың бірі.

1993 жылы Алматы қаласында туған. Жастайынан қоршаған ортаға қамқорлық көрсеткен. Мектеп бітірген соң «Әділет» жоғары құқық мектебіне заң мамандығы бойынша оқуға түсіп, бітірген соң бірден сол жерде магистратура оқыған, қазіргі сәтте «заң ғылымдары магистрі» академиялық дәрежесі бар. Студенттік жылдардан бастап ғылыммен айналысып табысқа жеткен, ғылыми қызығушылықтары - азаматтық құқық, цивилистика саласы. Еңбектерін мемлекеттік қазақ тілінде жазған алғашқы азшылықтың бірі. Қазіргі кезле 30-дан аса еңбектері бар, оның ішінде  орта және жоғары оқу орындарында білім алушыларға арналған оқу және практикалық құралдары, сондай-ақ қоғам мен құқықты жақсартуға арналған мақалалары бар. Бірнеше рет ҚР заң жобаларына ұсынған еңбектері енгізілген. 2017 жылдан бері Орталық Азия университетінің ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы лауазамында.  2016 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының ең жас корреспондент мүшесі, ҚР заңгерлер ассоциациясының мүшесі болған.  Жемісті ғылыми қызметі үшін Еуропа Жаратылыстану Академиясының мүшелігіне шақырылған (Эдинбург, 2016 ж.). Халықтың құқықтық сауатын жақсартумен ерінбей-жалықпай айналысып жүр.

Нұр Отан партиясы атынан халықтың әлсіз тобына заң жөнінде кеңес береді. Қала әкімдігіне жолдарды жөндетіп және қаланың алыс аудандарына байланыс жүргізткен, сондай-ақ оралмандарды қорғау ісімен айналысқан. Әлсін-әлсін телевидениеде сөйлеп, «Правмедиа», «Договор24» секілді ақпарат алаңдарында халықтың құқықтық сауаттылығына көзделген тегін вебинарлар өткізеді. Оның еңбегінің арқасында мыңдаған қазақстандық мемлекеттік тілде құқықтық білім алуда.

Сондай-ақ ол қайырымдылықпен айналысады, 200-ден аса адам Нұржанның  елгезектігінің арқасында тегін құқықтық көмек алды. Дағдыларын жетілдіру үшін Ресей, Украина, Қырғызстан және т.б. елдерде тағылымдама өткен. 2017 жылы ҚР білім және ғылым министрінің алғыс хатына ие болған. 2018 жылы ғылыми қызметі үшін "Білім беру саласының үздігі" медалін алды. Ол Индонезия мен Пәкістан елшілерінен Қазақстанның халықаралық қатынастарын нығайтып жақсартқаны үшін алғыс ноталары мен құрмет белгісін алған аз адамның бірі. Қазіргі сәтте оның «Халықаралық қарулы дау-дамайда балалардың құқын қорғау» жобасы «Астурия ханшайымы» сыйлығына ұсынылған. Қазір ҚР балалар құқын қорғау туралы заң жобасын әзірлеумен айналысып жүр. Докторантурада оқиды. Ол шынымен де еліміздің бейнесі мен мақтанышы.