Николай Белобров – ауыл  кәсіпкері

Николай Федорович Белобров Тимашевка ауылында туған. Әкесі Федор Демьянович озат малшы атағы шыққан, механизатор болып жұмыс істеген. 1986 жылы Николай Федоровичті аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы шақыртып, «Родина» колхозының агрономдық қызметін басқаруға ұсыныс жасайды. 1997 жылы «Родина» ӘКК төрағасын сайлау өтіп, дауыс беру хабарланғанда Белобровтың кандидатурасына көпшілік қол көтерді. 1998 жыл. Құрғақшылық. Николай Федорович алаңдаушылығын сездірмеуге тырысты, барлық жақта совхоздар бар малын сойғанда Полтавкалықтар эконмикалық дағдарысты сылтау етпей, колхоз табынын көздерінің қарашығындай сақтады. Николай Федорович кооперативті өз қарамағына алғысы келген басшылардың тегеурініне төтеп берді, Родинка ӘКК шаруашылықтың басқа үлгісіне өтіп, «Полтавка» ЖШС атала бастады.

Ыждаһатты, іскер басшының қолындағы шаруашылық нарықтық уақыттың сүргініне – жарық пен судың жоқтығына, ақшасыздық пен жұмыссыздыққа қарамастан мал, тұқым, техника, үздік диқандарды сақтап қалды. 1999 жылдың көктемінде ЖШС-да ЖЖМ мәселесі туындады. Николай Федорович нар тәуекел етіп, болашақ өнім ақысына бір вагон дизельдік май жеткізуге тапсырыс беріп, оны дизельдік жағармайға алмастырды. Механизаторлар егу жұмыстарын табысты өткізіп, сол жылы өнім мол болып, 17-18ц/га-дан шықты. Директор алдына қатаң таңдау қойылды. Ол халық мүддесін таңдады. Басқаша істеу мүмкін емес еді.

2009 жылы мол өнім көне мәселелерге жаңаша қарап нақты шешім қабылдауға мәжбүр етті. Егін ору науқаны қызып жатқанда жаңбыр жауып, бірнеше күн тоқтамай қойды. Орталық токта тау-тау боп үйілген бидай тынымсыз жауын астында су болды. Ылғал астықты еш жерде қабылдамады. Келесі жылы Николай Федорович бірінші кезекте астық кептіретін жабдық сатып алды, құрғақ астықты кез-келген элеватор қуана-қуана қабылдайды. Содан бері полтавкалық диқандарға ешқандай жауын кедергі емес, токта жұмыс тоқтамастан жүреді. Тәуелсіз мемлекеттің аяққа тұру жолы – «Полтавка-2» ЖШС-нің де даму жолы. Ол эконмика дамуының барлық сүргінінен өтті. Серіктестікте астық өндіруден басқа мал шаруашылығына көп көңіл бөлінеді, мал өсіру жайлары қалпына келтіріліп, герефорд тұқымының 100 бас мүйізді ірі қара сатып алынды, жылқы мен шошқа да бар. ЖШС бидайдан бөлек күнбағыс, арпа, сұлы, азықтық шөп егеді. Жеке диірмені бар, наубайхана жабдықтары жаңартылып, ауыл тұрғындарына нан 35 теңгеден сатылады. Бірнеше жыл бұрын күнбағыс майын өндіру жолға қойылды. Полтавкада 400 орындық үлкен Мәдениет үйі бар, мұндай облыстың басқа ауылдарында жоқ. Ауыр 90-жылдары ғимаратты сақтап қалу қиын тиді, бірақ ЖШС басшылығы ғимаратты жастар мен ауыл тұрғындары үшін сақтай алды. Мектеп шаруашылық директорының назарында, ЖШС балансында шағын центр жұмыс істейді. Шаруашылық ЖОО және колледж студенттері оқуының 50 пайызын төлейді әне Николай Федорович студенттердің туған ауылына қайтып оралуын міндеттемейді. Мұның бәрі басшылыққа болашақ кадрларға алаңдамауға мүмкіндік берді – ауылды қазір жұмыс істеп жүрген механизаторлар мен малшыларды орнына лайықты ізбасарлары өсіп келеді, ауылын жақсы көретін сауатты да білікті жастар ауылдастарының игілігі үшін еңбек етуге дайын. Ауылда 130-дан аса зейнеткер бар, басшылық оларға демеушілік көмек көрсетеді, оларды 50 пайыз жеңілдікпен жемшөп, ұн, көмір және отынмен қамтасамыз етеді. Полтавка ауылдық округінің әлеуметтік сала қызметкерлері – мұғалімдер, дәрігерлер де осындай жеңілдіктерді қолданады. ЖШС өсірген азықтық дақылдар сыртқа сатылмай, шектеусіз көлемде ЖШС жұмысшыларына сатылады. Жақсы өнім алған жағдайда бұл ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға көмектесетін қосалқы шаруашылық дамытуға жақсы стимул. Николай Федорович көрсетіп жүрген бұл қамқорлық шараларын ауыл тұрғындары елемей қалған емес, полтавалықтар өз директорын құрметтеп, жақсы көреді. Николай Федорович еліміздің егемендік пен тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Президентіміз арқа сүйеген қоғамның өнегелі діңгегі іспеттес. Қазір «Полтавка-2» ЖШС егіншілікпен қатар мал шаруашылығын дамытып жатқан көпсалалы шаруашылық. «Полтавка-2» ЖШС Атбасар ауданының үздік әрі мығым ауыл шаруашылық құрылыстарының бірі болып табылады.