Николай Арсютин - «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, «Екібастұз қаласының өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Ауыл» ХДПП Екібастұз филиалының төрағасы, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Екібастұз филиалының жетекшісі, NOMAD MMA республикалық федерациясының Вице-президенті (Павлодар облысы бойынша), 2016 жылдан бастап Екібастұз қалалық маслихатының депутаты, 2017 жылдан бастап Екібастұз қаласының Қағамдық кеңесінің мүшесі.

1970 жылы 13 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық университетін электроэнергетика мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1987 жылы Павлодар кеме жасау және кеме жөндеу зауытында меңгерікпен басқару моторшысының оқушысыболып бастаған. 1988-1990 жылдары Кеңес Армиясында әскери борышын өтеді. 1990 жылдан бастап Павлодар қаласының Жоғарғы-Ертіс өзен шаруашылында  Ракета-11 теплоходыныңмоторшы-теңізшісі қызметін атқарды.  1997 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. 1997 жылы «Ертіс» ЖШК басшысы болды, 1998 жылдан бастап «Арникс» ЖШС басшысы болды.2003 жылы  «ДАК-НТМ» ЖШС директоры, 2004 жылы Қарағанды қаласының «NURA»ЖШС коммерциялық директоры қызметін атқарды.  2008 жылы «Азия-Транзит» ЖШС директоры лауазымына тағайындалды.2010 жылы «NoMad» шаруа қожалығының басшысы, 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «KSPSteel»ЖШС №2 Павлодар филиалының директоры. 3 дәрежелі « Еңбек даңқы» төсбелгісімен,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.