Наиль Абраев – қоғам қайраткері.

Наиль Абраев Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласында дүниеге келген. Механикалық техникумын бітірген, әскери қызметтен оралғаннан кейін, Куйбышев атындағы зауытқа шебер ретінде жұмысқа орналасты. Керамзит зауытының құрылысына қатысты, онда ол аумақ шебері болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап жеке кәсіпкер, таксист болып жұмыс істеді. Ал 2012 жылы Петропавл қаласында алғашқы «Империал» такси тұрағын ұйымдастырды, онда 100-ден астам адам жұмыс істейді.

2017 жылдан бастап дауыс беру арқылы «Солтүстік Қазақстан облыстық «Дуслык» татар-башқұрт орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды. Әлеуметтік белсенді жұмыстар жүргізеді. Ақпейілді, үлкен ұйымдастырушылық қабілетке, көпшілік арасында беделге ие. басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды. Татар халқының дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін сақтауға бағытталған іс-шаралар өткізеді. Ол келгеннен кейін орталықтың жұмысы жанданды. Жастар қанатының жұмысына ерекше көңіл бөледі.