Мөлдір Бекжан – мемлекетінің болашағына жанкүйер өз елінің нағыз азаматы, патриоты және қарапайым жанашыр адамы. Ол Қазақстанның мәдениеті мен өнерін елімізде және шет елде танымал етуге көп көңіл бөледі.

1996 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік тілдер университетін сәтті аяқтағаннан кейін, Мөлдір өз орнын ұзақ уақыт іздеумен болды, туристік салада, қонай үй бизнесінде, шоу-бизнес саласында да жұмыс істеп көрді. Бірақ қай жерде жұмыс істесе де, ол өзінің қоғамдық жұмыспен айналысуы керектігін сезді. 2002-2007 жылдар аралығында Мөлдір балалар және жасөспірімдер арасында есірткі, алкоголизм және темекі шегуге қарсы күрес бойынша іс – шараларды белсенді өткізу арқылы  «Жастар салауатты өмір салты үшін» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінде қоғамдық жұмысын бастады. Осы мәселе бойынша бірнеше әлеуметтік бейнероликтер шығарылды, қазақстандық эстрада жұлдыздарының  қатысуымен ашық аспан астында концерттер өткізілді, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан жастар конгресінің мүшесі болды. 2007 жылдан бастап  2009 жылға дейін ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы Федерация клубын аша отырып, Қазақстандағы ЮНЕСКО идеалдарын алға жылжыту бойынша жұмыс істейді. Федерацияның ашылуымен қатар, ол Қазақстандағы клубтар желісін кеңейтіп, олардың алға жылжуына көмектеседі. 2009-2011 жылдары Мөлдір Бекжан «БОТА» Қоғамдық Қорының байланыс және дамыту бойынша директордың орынбасары лауазымына тағайындалды, оның мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан, аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар мен жастарды, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау. Қорда жұмыс істеген 3 жылы ішінде Мөлдір қор жұмысының қорытындысы бойынша корпоративтік бюллетень шығарды, фото-бейне материалдар жасады, мақалалар жазды, қоғамдық және қайырымдылық қызметтерін үйренді.

2011 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта Мөлдір Балаларды дамыту және отбасылық сауықтыру Қазақ қауымдастығында балалардың бос уақыты, толыққанды демалысы  және отбасылық уақыт өткізу құқықтарын қорғаумен айналысты. Осы жылдар аралығында ойын мекемелеріндегі ойын автоматтары салығына теңестірілген саябақтағы балалар аттракциондарына салықты азайту бойынша жұмыстар жүргізілді. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Мөлдір ЮНЕСКО қызметіне оралады және ЮНЕСКО-ның Қазақстандық 1-ші клубы мен Орталық Азиядағы мәдениетаралық және шығармашылық білім беру бойынша ЮНЕСКО-ның обсерваториясында жоба маманы болып, Қазақстандағы дарында балалар мен жастарды қолдау жұмысын бастайды. Осы қысқа уақыт ішінде Мөлдір Бекжан өнер саласындағы дарынды балаларға қолдау көрсетуге бағытталған оннан астам іс-шара ұйымдастырылды. Көптеген дарынды балаларға арналған көрмелер өткізілді, біразы республикалық және шетелдік мастер-класстар мен пленэрлерге жіберілді.  2015 жылы «Балалар әлемді бейнелейді» Қоғамдық Қорын ашып, құрды, оның мақсаты – Қазақстанның дарынды балалары мен жастарын қолдау және алға жылжыту болып табылады.

Қордың қаражаты есебінен және балалардың күшімен «Сүйікті балалар – сүйікті қала» акциясы бойынша Алматы, Астана және Екібастұз қалаларының көптеген мекемелерінің қабырғаларына суреттер салынды. Олардың ішінде: №2 балалар клиникалық ауруханасының қабырғалары, Оқушылар сарайының ертегі залы, Психикалық денсаулық орталығының балалар палатасы мен дәлізі, №2 балалар үйінің ішкі ауласы мен асханасы, №125 балабақша залы, «Надежда» үйінің жан-жануарлар бұрышы және т.б. Өзінің қаражаты есебінен Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне жетім баланы Францияға жіберді. Қазақстанның эко-буынының Елшісін тәрбиелеп өсірді және қоршаған ортаны сақтау мәселелері бойынша мүдделі жастарды оқытуды жалғастыруда. Осы бағытта дәрістер мен іс-шаралар өткізеді. «Болат Өтемұратов Қорымен» бірлесе отырып, жасөспірімдер мен жастар арасында «Аутизм: бәрі үшін бір әлем» тақырыбында дәрістер мен мастер-класстар, «Аутизм балалардың көзімен» көрмесін өткізді. Сондай-ақ Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын ілгері жылжыта отырып, Мөлдір жыл бойы және жыл сайын өзі жеке шетелдегі қазақстандық балалардың шығармашылық көрмесін  ұйымдастырады.  Мөлдірдің ең маңызды жетістігі - «Дети рисуют мир» / «Балалар әлемдi бейнелейдi» / «The children are painting the world» жобасы болып табылады. Жоба 1999 жылы басталды, содан бері табысты бар болып, дамып келеді. Осы уақыт ішінде түрлі ұйымдарда жұмыс істей отырып, Мөлдір осы жобаны бақылап жүрді және жобаның басынан бастап – 1999 жылдан бастап еріктілер қатарында белсене ат салысты. Бұл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер саласындағы осынша ауқымды және нәтижеге, сондай-ақ өсу мен тұрақтылыққа ие жалғыз жоба. Жоба әлемнің әртүрлі елдерінде танымал. Еліміздегі балалардың шығармашылығын дамытудағы 20 жылдық жұмысының нәтижесі ретінде әлемдік қауымдастыққа Қазақстан балалар көзімен көрсететін бүкіл Қазақстан балаларының «Балалар әлемді бейнелейді» ең үздік балалар жұмысының бірегей альбом сериясының шығуы болды.