Меруерт Бегәділова – қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істейді.

Менің атым Меруерт, мен 22 жастамын. Шығыс Қазақстан облысы Шемойнақ шағын қалашығында дүниеге келдім. Мен 3 жасқа толғанда ата-анам елорданы баурап алуға шешім қабылдайды, ешбір таныссыз және байланыссыз Астанаға көшіп келдік және бұл үшін  мен оларға ризамын! Мұнда өмір маған басты арманымды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік берді, мен Ломоносов атындағы ММУ-де оқығым келді, ал Астанада Президенттің бастамасымен осы керемет университеттің филиалы ашылды. Осылайша 3 жыл оқып, соңғы курста Мәскеуге кеттім. Өткен жылы мен университетті ойдағыдай аяқтап, «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымының бакалавр дәрежесін алдым, бірақ осымен тоқтап қалмай, мен сол жылы жаз мезгілінде оқуымды жалғастыру үшін Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ-не магистратураға түстім және де бақытыма орай грантқа түсе алдым! Одан басқа мен өз білімімді өмірде қолдануға және өзімнің сүйікті қалама пайдалы болуға асықтым, түйіндемемді қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет жасайтын түрлі ұйымдарға жібере бастадым. Және мені алды! Бүгінгі күні мен оқу мен жұмысты қатар алып жүрмін. мен бұл жеткеніммен тоқтап қалғым келмейді, және осы жазда «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай оқуға түстім.