Кұсайын Мұқанов Аққозы ауылдық округінің «Сатыбалды» шаруа қожалығының басшысы. Шаруа асыл тұқымды болып табылады және тұқымның өнімділігін асылдандыру және жетілдіру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде. Шаруаның дамуы жергілікті халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне бағытталған. 2000 жылдан бастап жыл сайын  ауыл тұрғындарына малдың қысқы азығын дайындауға көмектеседі. Ауылдық және аудандық іс-шараларға белсене қатысады, 150 мың теңге көлемінде мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға, 60мың теңге көлемінде мәдени-спорттық іс-шараларға  материалдық көмек көрсетеді. Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне 10-20 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. 2009 жылдан бастап «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысады және 10 оқушыны мектеп формасымен, оқулықтармен қамтамасыз етеді.

Құсайын Ізімұлы Аққозы орта мектебін бітіргеннен кейін Алматы зооветеринарлық институтына оқуға түсіп, 1978 жылы мал дәрігері мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек қызметі аймақ шаруашылықтарында өтті. Мал дәрігері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, шаруашылық басшысы болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап «Сатыбалды» шаруа қожалығының басшысы болып табылады. Осы жылдар ішінде шаруашылық күшейіп, барлық мал түрінің саны артып, сапа көрсеткіші жақсарды. Жыл сайын өткізу нарығына 80 тоннаға дейін сапалы ет және мал шаруашылығының өнімдері жеткізіледі. Малды қарқынды бордақылау әдісі енгізілді, заманауи қоражай мен алаң салынды. 2015 жылы «Ұзақ күйші» кесенесінің құрылысына 600 мың теңге, Қаратөбе Мешітінің құрылысына 300 мың теңге, Қаратөбе негізінің қаланғанына 80-жыл мерейтойы қарсаңында 300 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетілді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 13 бала мен олардың тәуелді қызметкерлерінің балаларын Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуларына 650 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Өз қаражаты есебінен Жусандой ауылдық округінің Ханкөл ауылындағы орта мектептің асханасын жөндеуге қажетті 5 тонна цемент, 20 тонна қиыршық тас бөлініп, оның көлігімен құрылыс материалдарын жеткізді және 250 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.