Гаухар Әбдірова - дипломат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университінен «заң» мамандығы бойынша  бакалавр дипломын алған соң  Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы университетте заң кеңесшісі, «Атыраумунайгазгеология» АҚ гидротехникалық компаниясында заңгер, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлініеің халықаралық қатынастар департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатиялық институтының «халықаралық қатынастар» магистрі дәрежесін алған соң, Қазақстар Республикасы сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаметінің маманы болып жұмыс істеп, кейін Азия және Африка департаменті кеңсесінің меңгерушісі лауазымына ауысып, одан әрі дипломатиялық жолын Халықаралық ақпарат комитетінің атташесінен бірінші хатшысы лауазымына дейін жалғастырған. Қазір Қазақстан өкілі ретінде Қытай халық респубиликасы, Бейжің қаласында орналасқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының сарапшысы болып жұмыс істейді. Ұйымның қазіргі негізгі мақсаттары аймақта бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті қолдау, экономикалық және гуманитардық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Г.Әбдірова жүктелген міндеттер – Парламент басшыларының, қорғаныс министрлерін, Жоғарғы сот өкілдері мен Бас прокурорлардың кездесуін ұйымдастыру және аталған ұйымдардың сараптамалық отырыстарын өткізу. Бұдан басқа Халықаралық ұйымның бас хатшысының Парламен, қорғаныс, Бас прокуратура және Жоғарғы сот төрағаларымен кездесуі туралы анықтамалық ақпарат дайындау. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде сараптамалық-құқықтық, қаржы және қорғаныс салаларында өткізілетін шараларды дайындауға қатысу, сондай-ақ Хатшылық мәдени шаралар өткізген кезде Қытайда аккредитация өткен дипломатия өкілдерімен келіссөздер жүргізу. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлері Е.Қазыханов, Е.Ыдырысов, жауапты хатшысы Р. Жошыбаев атынан алғыс хаттармен марапатталған және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» естелім медалімен марапатталған.