Галина Виноградова - архивші

Жиырма алты жыл бұрын Қазақстан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы Виноградова Галина Ивановна бірнеше айдан соң аудандағы жаңа құрылған архивтің директоры болатыны ойына да келмеген. Бірақ тоқсаныншы жылдары бұрын үлкен мемлекетте көптеген өзгерістер орын алды. Галина Ивановна аудандағы авхив қызметін ұйымдастыра бастады. Жаңа істі үйренді және шағын ұжымын да үйретті. Көптеген басшылардың, әсіресе бұрынғы совхоз басшыларының тиісті құжаттарды түгендеп, оларды архивке мемлекеттік сақтауға өткізуге деген құлшыныстарының болмауы бастапқыда кедергі тудырды. Алайда өзінің дұрыс шешім қабылдағанына сенімді, қайсар Галина Ивановна әр қайсысымен тіл табыса білді. Нәтижесінде құжаттар архивке түсе бастады. Бүгінгі таңда Сандықтау ауданындағы мемлекеттік архив – 1928 жылдан бері қарайғы  ауданның экономикалық-әлеуметтік өмірі көрініс тапқан бағалы құжаттарды сақтау орны. Олардың барлығы шын мәнінде баға жетпес құндылық. 2500 метрден асатын сөрелерде 232 қор, 46 000 бірлік құжат сақталуда. Қазір Галина Ивановна құжаттарды сақтап қалғанын мақтанышпен, күлімсіреп есіне алады. Себебі құжаттарды бір мекемеден  екінші мекемеге үш рет көшіруге тура келген еді. Жылытылмаған ғимараттарда отырып, оларды сақтап қалды. Әлеуметтік-құқықтық сипат анықтамасын және жазбаларды қолмен, кейін электронды машинкалармен толтырды, штат санын қысқартуға тура келді. Архивте директор мен бухгалтер ғана қалған күндер болды. Галина Ивановна архивті қалыптастырудағы барлық қиындықты бастан кешірді, соған қарамастан өз ісіне, архивке деген жауапкершілікті мойнынан алған жоқ. Өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындады. Галина Ивановна авхив құжаттарында сақталған тарихсыз болашақ та, осы шақ та жоқ деп есептейді. Біздің аудан үшін жиналған құжаттардың әлеуметтік және мәдени мәні өте бағалы. Ата-бабаларымыздың тарихы қазіргі ұрпақтары білуге және онымен мақтануға тұрарлық. Әрбір өткен сәт тарихқа айналады. Құжаттар – бізді бүгінгі мен кешегіні, өткен уақытпен байланыстырушы.  Ал архив – асау өзен уақытындағы естелік арал. Алғашқы он жылдықта Галина ивановна архивті құжаттармен толтыруға және жинау талпынды. 2003 жылдан бастап толыққанды анықтамалық-іздеу аппартын құру жұмысын бастады, яғни қажетті ақпаратты тез табуға мүмкіндік беру үшін құжаттарды анықтамалық-іздеу жүйесіне біріктірді. Әлеуметтік-құқықтық сипатқа сұраныстың артуына байланысты 2003 жылы Галина Ивановна әлеуметтік-құқықтық сипат сұраныстарын орындайтын ведомстволық және мемлекеттік  архивтердің қызметкерлеріне арналған жеке құрам бойынша ведомствоаралық архивтік анықтама дайындады. 2004 жылы мемлекеттік архивте сақталатын құжаттардың мазмұны мен құрамын ашатын жолкөрсеткіш дайындады. 2005 жылы Галина Ивановна мемлекеттік архив қоры бойынша жолкөрсеткіш құру жөнінде қосымша мен ұсыныс әзірледі. 2005 жылы Галина Ивановна жаңа жұмысты меңгеріп алды, ол – құжаттарды каталогтау. Бұл жерде карточкалар ек бағыт бойынша құрылады: аудан мекемелерінің тарихы бойынша және әкімшілік-территориялық бөлу бойынша.

Карточкаларға арналған ақпараттар Балқаш аудандық атқару комитетінің құжаттарымен, Сандықтау ауданы әкімінің аппаратымен анықталады. 2007 жылдан бастап қорлардың жазбасын жетілдіру және қайта өңдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Галина Ивановна ведомстволық архивтермен жұмыс істеуге аса зор көңіл бөледі. «Себебі, құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру осы мәселеге ұйым мен мекеме басшысының көзқарасына, олардың қабылданған шаралардың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуіне  байланысты. Дұрыс ұйымдастырылған іс жүргізу мен құжаттардың сақталуы адам тағдырына байланысты» - деп санайды. Осы бағытта семинарлар, практикалық сабақтар өткізілуде.  1999 жылдан бастап, өзінің   адамдарға деген мейірімі мен тіл тапқыштығының арқасында Галина Ивановна жеке шығу тегіне қарай құжаттарды қалыптастыра бастады. Қор құрамы 1897 жылы Сандықтау бекетінің алғашқы құрылыстарының, 1914 жылғы Германия соғысына арналған бекет казактары сымдарының, 1940 жылғы колхозшылардың бірінші аймақтық съезінің, 1945 жылғы аудандық партиялық конференцияның бірегей құжаттарын қамтиды. Жерлестеріміз Социалистік Еңбек Ері Р. С. Боранина, КСРО-ның, КазКСР-дың еңбек сіңірген мұғалімі М. В. Шуховская, Ұлы Отан соғысының қатысушысы М. П. Шепел және тағы да басқалардың қызметтік, шығармашылық және қоғамдық қызметтері қамтитын бірегей құжаттар бар. Бұл адамдардың барлығы ауданымыздың тарихи оқиғаларына тікелей қатысты. Галина Ивановна адамдарға қызмет ету, олардың сұранысын қанағаттандыру жетістікке бастар жол деп есептейді. Архивтегі құжаттар біздің тұрғындарға және алыс-жақын шетелдегі тұрғындарға еңбек өтілімін анықтауға және олардың зейнетақыға толық көлемде шығуына көмек берді.

Галина Ивановна өз қызметі арқылы архивтің қағаздар сақтайтын қойма емес, шығармашылық мекеме екенін көрсетті. 2007 жылы Галина Ивановнаның басшылығымен Балқаш ауылы мен Сандықтау ауданының атаулы даталары мен ұмытылмас күндерінің күнтізбесі шығады. 2010 жылы жерлестеріміздің майдандағы ерліктері мен әскери ұрыстары туралы «Батырлардың ерлігі халықтың жүрегінде (1941-1945 жж)» жинақ шығарды. 2014 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру, біздің ауданымыздағы совхоздарды құру туралы «Тың планетасы» жинағы шықты. 2015 жылы Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70 жылдығына арналған жерлестеріміздің ерлігін дәріптейтін «Мәңгілік жадымызда» кітабы шықты. 2016 жылы «сандықтау ауданының деректі мұралары» жинағы жарық көрді. Жинақта ауданымыздың тарихы, ауылдардың құрылуы баяндалады. 2017 жылы «Туған жер» патриоттық бағдарламасы шеңберінде Галина Ивановна «сенің тағдырың аудан тарихына тәуелді» атты ауданда акция өткізді. Акцияның мақсаты – мемлекеттік архивті тарихи ескерткіштермен (фотоқұжаттармен) толтыру. Галина Ивановна бұл фотосуреттер біз үшін адамдардың бет-әлпетін, ғимараттардың көрінісін, жарқын оқиғалардың хронологиясын сақтап қалғанына сенімді. Галина Ивановна жыл сайын аудандық газет беттерінде архив құжаттары бойынша ауданымыздың тарихи оқиғалары туралы баяндап отырады. Көрмелер, экскурсиялар, сабақтар, ашық есік күндерін өткізеді. Өйткені  біздің аудан өзінің ерекше табиғи байлықтарымен, тарихи орындарымен, керемет адамдарымен танымал. Ал Галина Ивановна ата-бабалырмыздың тарихын  жас ұрпаққа жеткізуге тырысып жүр. Галина Ивановна ерекше әңгімелеуші, ол ауданның тарихын бес саусағындай біледі және авхивтік заттар туралы әңгімелегенді жақсы көреді. Галина Ивановнамен әңгімелескенде, Абайдың «Қара сөздер» кітабындағы мына сөздер ойға оралады: «Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел, Алдыңғы толқын - ағалар, Артқы толқын - інілер,Кезекпенен өлінер,Баяғыдай көрінер». Тек архив қана «Менің туған жерім?» сұрағына жауап бере алады.