Евгений Сухотеплов –  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

Евгений Сухотеплов – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Қарағанды қаласының «№1 Гимназия» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Евгений М.Ломоносов атындағы ММУ-ды бітірген. Мектепті инженер болам деген оймен бітірген, бірақ бірінші орын алып, білім грантына ие болған. Евгений білім реформаларын қолдайды, себебі олар білім алушылардың сыни пайымын дамытуға негізделеді. Педагогтың ойынша бүгінде Қазақстанда мұғалім мамандығы абыройлы болуы үшін көп нәрсе жасалып жатыр, және педагог қызмет көрсетуші емес, ең алдымен ол -  білім мен оқушы арасындағы дәнекер.

Мен болып жатқан өзгерістерді өзекті деп санаймын. Оны үстіне, педагогтар алдында нәтижеге жұмыс істеу міндеті тұр және менің қызметімнің нәтижесі сауатты, өз ойын нақты әрі анық жеткізе алатын балалар болуы тиіс. Ал олар ақын-жазушы болып, мәтіндермен жұмыс істесе, онда тіпті жақсы, - дейді Евгений Олегович.

Тәрбие ісі жөніндегі меңгерушінің жұмысы Евгений Сухотеплов үшін негізгі болып табылады. Арнайы курстарды бітірген соң ол тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілердің республикалық жаттықтырушысы болды. Екі курс артта қалды – ол 60 әріптесін оқытып, бұл кездесулер қызық өтті: олардың бірінде шараның тиімділігін өлшеуге бола ма деп пікірталасқан, сөйтсе болады екен. Айтпақшы, Евгений мектептегі шығармашылық шараларына сценарийлерді өзі жазып, балаларға өзі жетекшілік етеді. Сондықтан ол мектеп концерттеріне де қатысады: мысалы, әдеби кештерде ол міндетті түрде сахнада ойнайды.  

Евгений Олегович – оқулық сапасын қоғамдық бағалауға қатысқан. Бұл бір едәуір көп еңбекті талап ететін, бірақ шығармашылық жұмыс болды.Оқулық қазір біз көріп жүргендей болуы үшін практик сарапшылар авторлармен тілдескенде өз көзқарастарын қорғап, түзетулер енгізді.