Есенбай Исмайлов – аға оқытушы, 50-ден астам ғылыми мақалалар мен оқу әдістемелік еңбектердің және бір монографияның авторы.

Еңбек жолын Жамбыл облысы,Қаратау, Жаңатас қалаларында Қазақ фосфор комбинатында жұмысшы, шебер болып бастаған. Сонымен қатар, біраз жылдар бойы Жамбыл облысы,Сары-су ауданы,Ақтоғай орта мектебінде жоғарғы дәрежелі мұғалім, директордың шаруашылық, тәрбие, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары болып жұмыс істеген

2002-2018 жылдары Шымкент университетінде деканның орынбасары, «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасында аға оқытушы қызметтерін атқарып келеді. Тарих, география, әлеуметтану мамандықтарын дайындауда үлкен үлес қосуда. Қазіргі уақытқа дейін 50-ден астам ғылыми мақалалар мен оқу әдістемелік еңбектердің және 1 монографияның авторы. Алыс және жақын шетелдік, халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларға үздіксіз қатысып отырады. «Саясаттану», «Демография» пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдардың  және «Тамалар тарихы», «Бабалар ізімен» кітаптарының авторы.

Университетте студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде үлкен жетістіктерге жеткен. Білім саласына сіңірген еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталған.