Есбол Қамбаров – кәсіпкер

Еңбек жолын Түркістан облысы, Отырар ауданы Ақтөбе елді мекені жем-шөп дайындау цехында бастады. Әр жылдары Арыс Локомотив депосында көмекші машинист, май құюшы, жетекші болып қызмет атқарды. Ал 1995 жылы отын базасының бастығы болып тағайындалды. Содан кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп, құқықтану мамандығы бойынша 2000 жылы толық курсын бітіріп шықты. Білімін тереңдету мақсатында М. Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясына түсіп, оны 2005 жылы «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығын біліктілікпен тәмамдады.

Есбол Қамбаров «Қазақстан Республикасының Конституциясының 10 жылдығына» орай медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен және  Түркістан облсының әкімінің, Арыс қалалық әкімінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының маслихаттарына 20 жыл» медалімен, Арыс қаласы әкімдігінен «Үздік кәсіпкер» номинациясымен марапатталған. Сонымен қатар,  2016 жылы «ТЭК-КАЗАХСТАН» ЖШС «Ең үздік басшы» номинациясымен, «Казыбек би» төс белгісімен, Шымкент қалалық әкімдігінің «Елеулі еңбегі үшін» және «Ел ардақтысы» медалімен марапатталды.

Есбол Әуесбекұлы 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін «АБА-ЕР» ЖШС-ін құрып, Қазақстан Республикасы бойынша 24 қаласында нефте-химиялық анализ зертханаларын және жанармай құю бекеттерін, отын базаларын ашып, бүгінгі таңға дейін 500 астам адамды жұмыспен қамтып отыр. 2014 жылы Шымкент қаласында 380 балаға арналған «Алтын балапан» атты балабақша ғимаратын тұрғызып, елге тарту етті. Сонымен қатар, Шымкент қаласында «Оңтүстік қабылдау үйін» салып берді. 2016 жылы Арыс қаласына 500 балаға арналған «Алтын балапан» атты балабақша ғимаратын тұрғызды. Осы қаладан 300 балаға арналған «ЛИДЕР» атты балабақша салды.

Осы жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе елді мекенінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орта мектепті бітіргеніне 30 жыл толуына орай, аталған ауылға спорт кешені ғимаратын табыс етті.