Бибінұр Аманжолова – жеке кәсіпер, ұстаз

Бибінұр – жеке кәсіпкер ғана емес, 32 жылдық еңбек өтілі бар бірінші дәрежелі ұстаз. Ол Қазақстан Республикасының адал азаматтарын оқытып тәрбиеледі. 3 баланың анасы, 2 немеренің әжесі. Жұбайы Марат Әлімжанов – атақты композитор, музыкант, «Қорғалжын ауданының құрметті азаматы»

Аманжолова Бибінұр Ермекбайқызы «Пана» ЖК басшысы. «Пана» ЖК 2007 жылы 20 маусымда тіркелді.

2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы \БҰҰДБ\ «Өтпелі құстардың тіршілік ортасы ретіндегі ғаламдық маңызы басым сулы-батпақты алқаптарды кешенді сақтау: үш шекарадағы жобалық ұсыныс»  жобасы мен Теңіз-Қорғалжын аймағындағы экотуризмді дамыту концепциясы аясында қонақ үйлерді дамыту мен ұлттық тағамдарды насихаттау үшін несие алып, киіз үйлерден құралған қонақ үйлер кешенін ашты. Сол уақыттан бастап қонақжайлық қызметімен айналысып келеді. Қонақ үй ұлттық нақышта салынған.

40 адамға арналған киіз үй асханасында ұлттық тағамдардан дәм татып қонақтауға болады.

Мақсаты: Ақмола облысы мен Қорғалжын ауданында туристік кластерді дамыту. Шетелдік туристерді қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру. Қазақтың ұлттық тағамдарын ұсыну. Этноауылға, (киіз үй), арнайы ағаш үйлерге жайғастыру.  Әр жыл сайын мамыр-тамыз айлары аралығында 500-ден астам туристерді қабылдаймыз. Шетелдік және жергілікті туристерді ұлттық киімдерді киіп, «шашу» шашып қарсы аламыз. Ұлттық тағамдардан дәм таттырып, қонақжайлылығымызды көрсетеміз. Олар ағаш эко үйлеріне немесе 9 қанатты киіз үйлерге орналасады. Жеке асханасы бар (Күніне 3 рет қызмет көрсетеді: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас )

Киіз үй ұлттық нақышта безендіріліп, жабдықталған: оюлы кілемдер мен көрпелер, сандықтар, аспаптар (домбыра, жетіген, баян, қобыз, сазсырнай т.б)

Қонақтарды «Дудар-ай» фольклорлық ансамблі арнайы концерттік бағдарламамен қарсы алады.
Ансамбльдің жетекшісі - қонақ үй басшысы Марат Әлімжанов.

Ансамбль Түркия, Корея, Үндістан елдерінде өнер көрсетті. Осы жылы Бурабайда өткен «Саяхат-Демалыс» атты Ақмола туристік жәрмеңкесі фестиваліне қатысты.