Бейсенбі Мұқажанов – айтыскер ақын, әнші

2008 жылғы Қазақстанның көрнекті адамдары энциклопедиясына есімі енген тұғырлы тұлға. Ширек ғасыр сахнадан түспеген ақынды бүгінде облыс халқы Ақтоғайдың «қара нары» деп атайды. Бейсенбі Мұқажан ұлы 1991 жылдан бері аудандық Мәдениет үйінде нұсқаушы болып қызмет істейді. 1971 жылдан 1984 жылға дейін жанұялық ансамбль құрып ауыл, аудан, облыс көлемінде аты таныла бастады. Ансамбль құрамында анасы Жұмағыз Әлібай қызы жетекшілік жасап елді мекендерге концерттер қойып, байқауларға қатысты. Б. Мұқажанов 1972 жылдан бастап Алғадағы «Ауылым» атты ансамбльде жетекші музыкант болды. 2004 жылдан бері Мәдениет үйінде құралған жыршы-термешілер үйірмесіне жетекшілік етеді. 2009 жылы Мәшхүр Жүсіп Көпеевтің мерейтойына арналған республикалық аймақтық жыршы термеші байқауына өзінің екі шәкіртімен қатысып, үшінші орынға ие болды.

Б.Мұқажанұлы аудан, облыс көлеміне өзінің әншілігімен таныла бастады. Жиырма бес жылдай совхоздың мал шаруашылығында еңбек етті. 1986 жылы тұңғыш рет облыстық ақындар айтысына қатысып жеңімпаз атанды. Көптеген республикалық айтыстарға қатысты, атап айтқанда Семейде, Көкшетауда, Петропавлда, Таразда, Алматыда, Ақтауда, Ақмолада және Омбы облысында сондай-ақ Павлодарда өткен республикалық көптеген айтыстарда өзінің ақындағы, орындаушылық шеберлігімен талай рет Ақтоғайдан ақындар мектебін ашып, жұртшылықты қуантып сол мектепте жетекшілік етті.

Кішіге қамқор, үлкенге сүйеніш, мәдениет саласына бар өмірін арнаған абзал азамат.