Бауыржан Салықов

Бауржан Салықов 2017 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін Көлік, көлік технологиялары және Технология мамандығы бойынша диплом алды. Алайда ол мамандығы бойынша жұмыс істеуге асықпады, себебі университет түсерде көптеген студенттер сияқты кім болатынын және болашақта немен айналысатынын толықтай түсініп үлгермеді. Қазіргі күні, еліміздің еңбек етушілерінің жартысынан көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді, шын мәнінде практика осыны көрсетеді. Сөйтіп университет бітіргеніне 5 ай уақыт өтті, ал Бауыржан әлі не істейтінін, немен айналысатынын білмеді, осы сәтте бұның проблема екенін және осыдан 4 жыл бұрын қандай таңдаудың пайдалы және шын мәнінде тұрарлық екенін ешкім айтпаған проблема екенін түсінді. Осы проблеманың шешімін тапты. Бауыржан болашақ мамандығын таңдауға жас түлектерге көмектесуге шешім қабылдады, себебі бұның қазір де өзекті проблема екенін ұқты. Сондықтан көп ойланбастан, өзі басқаратын «BIRLIK» жас буындарды қоғамдық қолдау қорының негізін қалады. 2018 жыл бойы «BIRLIK» ҚҚ мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлауға аз іс-шара өткізген жоқ. Н.Ә.Назарбаев атындағы Халықаралық әуежаймен, түрлі банктермен, зауыттармен, ауруханалар мен басқа да орталықтармен меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ идеяны қолдайтын және оны өмірде іске асыруға дайын түрлі даму салаларымен одан әрі ынтымақтастықта жұмыс істеу жоспарда тұр. Сонымен қатар оқушыларға түрлі компанияларда жеңілдік беретін мотивациялық карта іске қосылды. Бұл картаның негізгі шарты қандай екенін білесіз бе? Әрине, оқудағы үлгерісі жақсы болуға тиіс. Бұл жастар үшін зор мотивация. Сүйікті ойын-сауығына, тіл үйренуге, салондарға жеңілдіктер. Орасан спектр. Бұл өте тартымды нұсқа және карта мектеп оқушыларын қызықтырады, олар мектептегі сабағын, ал одан кейін университетте одан да зор ынтамен оқитын болады. Сонымен бірге қор тұлғалық өсуге тренингтер өткізеді. Қазіргі таңда ол маңызға ие! Тқлғалық өсу үнемі адамның қалыптасуында маңызды рольге ие болған. Ал жас оқушыға өскенде кім болатынын және жалпы болашақта немен айналысатынын дер кезінде түсінуі өте маңызды. Бауыржанның арманы бар. Ол - еліміздің болашағы жас буынға дұрыс әрі айнымас мамандық таңдауда көмек беру.