Бағлан Жолдахмет - дипломат

Бағлан Жолдахмет «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қытай Халық Республикасындағы Бейжің халықаралық экономика және сауда университетін «үздік түлек» ретінде бітірген соң ҚР сыртқы істер министрлігінде жұмыс істей бастайды. Ол кезде Бағлан Қазақстанның 2010-2011 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі аясында бірқатар маңызды шараларды, оның ішінде 2011 жылы 15 маусымда Астанада өткен Саммитті дайындауға және табысты өткізуге тікелей қатысқан. Екі жылдан соң Қытайдағы Қазақстан елшілігінде жұмыс істеп, екі жақты кездесулер мен шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан. Елшілікте қызмет еткен 4 жыл ішінде көршілес мемлекетпен жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынасын әрі қарай нығайтуға үлесін қосқан. Қазір білімі мен тәжірибесін ҚР сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінде Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа жауап беретін дипломат ретінде қызмет етеді.