Азат Махметов - спортшы

Азат Махметов - спортшы, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Атбасар мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» тәрбиеленушісі. Бокспен 6 жасынан бастап айналыса бастаған. Атбасар қ. № 3 орта мектебін бітірген. Бокстан ҚР спорт шебері. 2014 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша "Көкше"академиясын бітірген. 20152016 жылдар аралығында "Астана-Арланс" кәсіби клубының мүшесі, ҚР ұлттық құрама мүшесі, жастар арасында ҚР чемпионы, ересектер арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, Венгрия, Польша, Тайланд, Сербия, Финляндияда өткен көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері. Бірінші Ислам ойындарының чемпионы. Азат – тәуелсіз Қазақстанның құрдасы. Ол өмірде өз жолын тапқан, сондықтан қолынан бәрі келеді. Еліміз тәуелсіздік алған жылы туу – үлкен құрмет, сондықтан ол үшін Отанының дамуы мен гүлденуіне үлес қосу өте маңызды. Ол біздің спор жетістіктеріміздің байрағының жиірек көтеріліп, бізді әлемге таныту үшін қолынан келген жасап жүр.