Артём Кузьмин - дипломат

Артем Кузьмин Трумен атындағы университетті саяси ғылымдар бакалавры дипломымен бітірген (АҚШ, 2006), кейін Бирмингем университетінің халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған (Ұлыбритания, 2007). ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі мансап жолын Жалпы Еуропалық ынтымақтастық департаментінде жұмыс істеуден бастаған (2008), кейін ЕҚЫҰ департаментіде Қазақстанның аталмыш ұйымда 2010 жылы төрағалық етуінің гуманитарлық өлшеміне жауап берген.  2012-2016 жылдары ҚР Канададағы елшілігінде жұмыс істеген, онысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздің кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде сайлау кампаниясы және ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық кезеңімен сәйкес келген. Осы уақыт ішінде Қазақстан-Канада қарым-қатынасын дамыту мәселелерімен бірге Қазақстан мүдделерін қорғау мен Латын Америка және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастыққа жауап берген. Мысалы, Қазақстан Кариб елдері қауымдастығы жанындағы бақылаушы статусын алды, ал Канададағы Қазақстан елшісін тұңғыш рет Кариб қауымдастығы жанындағы Өкілетті өкіл аккредитациялады (КАРИКОМ). 

2017 жылдан бері ҚР СІМ Америка департаментінің Канада, Латын Америка және Кариб бассейні басқармасының басшысы болып жұмыс істейді.