Агаев Анвар Агаяроглы  2012 жылдан бастап Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында және Орал қаласында құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналыса бастаған.

Еңбек қызметі барысында мемлекеттің, оның ішінде Бөрлі ауданының дамуына қомақты үлес қосқан. Келесі жобаларға қатысқан: 2012 ж. «Болашақ-Т» ЖШС-мен «Орал қ. 1200 орындық мектепті абаттандыру». Бұл нысанда 4300 м2 алаңға асфальт-бетон  жабындысы төселді, 1200 м/п борттық тас қиыстырылды. Жоғары класстардың гимнастика алаңы, спорттық ойындар алаңы, баскетбол алаңы, волейбол алаңы, теннис алаңы, АӘД оқу қалашығына асфальт-бетон жабындысы төселді. 2012 ж. – «Горкомхоз» МҚМ  «Ақсай қ. 15 көшесінің  жол төсеніштерін профильдей және тығыздау» (ұзындығы 15 км); 2013 ж. – «БҚО Бөрлі ауданының құрылыс бөлімі» ММ «БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қ. Халықтар достығы көшесінің 2 көпқабатты тұрғын үйлерге арналған қатты жабындылы алаңішілік жолдарды абаттандыру, вертикаль жоспарлау». Бұл нысанда жолдарға асфальт-бетон жабынды төселіп, борттық тастар орнатылды; 2014 ж. – ҚР Көлік және байланыс министрлігінен «Мүлтіксіз жұмысы мен ҚР көлік және байланыс кешенін қалыптастыру және дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды. 2014 ж. ҚР Мәслихатының 20 жылдығы құрметіне медальмен марапатталды. Қазақстан Тәелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР Прездидентінің медалімен марапатталды. 2011 жылы «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағын алған. Бөрлі ауданының құрметті азаматы және «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады. Мүгедек және жетіп балаларға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілеріне демеушілік материалдық көмек көрсетеді.