Анастасия Бережнова - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті. 2017 жылы Қарағанды облысы әкімінің "Тіл жанашыры" номинациясын  иемденген. Қарағанды облысы  Нұра ауданының  Құланөтпес ауылында туған. Ұлты – орыс. Қазақ тілін жетік меңгерген. Қазақ балабақшасын, қазақ мектебін тәмамдаған. 2016 жылы облыстық «Абай оқулары» байқауында 1 орын иеленген. Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқиды. Аудармамен айналысады, қазақ тілінде өлеңдер жазады. 2017 жылы Нұра ауданында өткен «Тіл жанашыры»  байқауында 1 орын иеленді. 2018 жылы  Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының делегация мүшесі ретінде Астананың 20 жылдығына орай Қарағанды облысының «Қазақ еліне мың алғыс» монументінің ашылуына қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесті.Өңірлік «Новое телевидение»  арнасы мен «Жаңа ФМ»  толқынының қазақ тіліндегі бағдарламалар  жүргізушісі. Настяның айтуы бойынша оның қазақ достары өте көп. Көбіне қазақы ортамен араласады екен. Болашақта өзінің қазақ жігітіне тұрмысқа шығуы мүмкін екендігін де жасырмайды.  "Өзің тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілін білу азаматтық парызың. аралас" дейді сұлу бойжеткен.