Алуа Тұрсынхан мектеп қабырғасында жүріп-ақ, көптеген облыстық, республикалық байқауларға қатысып, өзінің шығармашылдығымен, білімпаздылығымен көзге түскен еді. мектепті үздік тәмамдаған арманшыл қыз қазақ журналистикасына өз үлесін қосу мақсатында Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түседі. Оның шығармалары республикалық басылымдарда жарық көреді.

2017 жылы «Хабар 24» арнасының 5 жылдық мерейтойына арналып өткізілген байқауда Алуа дайындаған сюжет ең үздік деп танылды.  XXV ғылыми – теориялық конференциясының қазақ тілі әдебиеті және журналистика секциясы бойынша 2-орын иегері атанса, осы жылы бас жүлде иегері болды.

Алуаның белсенділігі арқасында бірнеше өзі секілді студенттер Кентау қаласында «Иппотерапия» қызметін ашып, сал ауруымен, даун синдромымен, аутизммен ауратын жандарға тегін қызмет көрсетті. Ол осы секілді әлі де көптеген қайырымдылық жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінде Алуа көптеген маңызды іс-шараларына қатысып, жастар ісін дамытуда өз үлесін қосып келеді. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика мамандығының 4-курс студенті. Бүгінде жеке кәсіпті қолға алып, болашақ мамандығы бойынша «Тұран-Түркістан» телеарнасында штаттан тыс жұмыс жасауда.