Александр Чиликин - кәсіпкер

Александр Чиликин 1990 жылдан бері бизнесте. Осы уақыт аралығында ол облысымыздың экономикасына қызмет ететін өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындар ашқан. Сондай-ақ ол облысымызда бұқаралық демалыс пен туризмді дамыту мәселеріне көп көңіл бөледі. «2030 стратегиясында» және «Қазақстан Республикасындағы туристік іс» заңында көрініс тапқан туризмді дамыту бағдарламаларындағы қағидаларға сүйене отырып, ол туристік бизнесті белсенді дамытып келеді.

Ол қожалық ететін «Альтай Альпілері», «Изумрудный Алтай» және т.б. фирмалар Шығыс Қазақстанда осы іспен он бес жылдан аса айналысып, бірнеше нысандарды ұйымдастырып жүр. Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Аюда» демалыс орны әр жаз сайын 10 мыңнан аса облыс және Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындарын, сондай-ақ таяу шетел азаматтарын қабылдайды. Қайта жабдықтау мен қайта қалпына келтіруден өткен соң халық арасында оның танымалдылығы арта түсті.

«Изумрудный» сауықтыру-профилактика кешені – Өскемен қаласынан 16 километр жердегі бірегей демалыс кешені, ол Таулы Үлбінің көрікті түкпірінде, жеке микроклиматы мен саф ауасы бар шағын шатқалда орналасқан. Жайлы қонақ үй нөмірлері, фин саунасы мен орыс моншасы, мейрамхана, кафе, бар, ашық аспан астындағы бассейн, жазғы күркелер, бұлақ сыңғыры, салқын тау ауасы. «Изумрудный» сауықтыру-профилактика кешенінде жақсы ұйымдастырылған демалыс жағдайында, әдемі ландшафт пен эстетикалық интерьер ықпалында, орман жұпары мен өзен шуынан әсерленіп жүру демалушыларға жайлы психолгиялық фон қалыптастырады, ал оң эмоциялар емдік процедуралардың тиімділігіне жағымды әсер етеді.

«Алтай Альпілері» демалыс орны – Өскемен қаласынан 22 км қашықтықта, таулы аймақта, саңырауқұлақ пен жидектерге бай, суы шипалы бұлақтары бар аралас орман ішінде  орналасқан Таулы Үлбінің көркем бұрышы. Базада тау шаңғы кешені бар, оған ұзындығы 750 және 800 м болатын екі ілмекті арқан жолды, ұзындығы  900 және 1000 м болатын екі креслолы арқан жол, түрлі күрделілік деңгейінде шаңғы тебуге арналған оннан аса бөктер, тау шаңғы әбзелдерін жалға беру нүктесі, тәжірибелі нұсқаушылар қызметі кіреді. Тау шаңғысы мен сноубордты көпшілікке танымал қылу үшін Өскемен қаласында арқан көтергіш салынды.

Ол 2003 жылдан бастап фристайл мен сноуборд федерациясын құрды, оның нәтижесінде спортшыларымыз үлкен жетістіктерге жетті. Юлия Галышева  Кореядағы Олимпиадада қола медальға ие болды, Дмитрий Рейхерд могулдан Әлем Кубогында жалпы есепте екінші орын алды, Валерия Цой Сочидегң Әлем Кубогы кезеңінде 4-орыннан көрінді. Бұдан басқа ұмытылған жаяу және атты маршруттар дайындалды. Аңшылық туризмі дамып келеді. Туризмнің бұл бағыттарының дамуы демалысын облыс аймағынан шықпай өткізгісі келетіндердің көбеюін қамтамасыз етпек.

Бұл А.А. Чиликиннің өндірісті, туризмді дамыту, халыққа қызмет көрсету бойынша жоспарлап отырған, өлкеміздің экономикасы мен қоғамдағы әлеуметтік климатты жақсарту үшін маңызды шаралар тізімінің бір бөлігі ғана.