Александр Азегов – іздеуші, педагог

Александр Анатольевич Азегов – бұрынғы десантшы, Ауған соғысы ардагері, міне, 30 жыл бойы “Саланг” Солтүстік Қазақстан әскери-патриоттық клубын басқарады, сондай-ақ Петропавлдың ең қызықты мұражайларының біріне меңгерушілік етеді. Александар Анатольевич кеңес армиясының әскери-десантық әскері қатарында, Ауғанстандағы шектеулі контингент құрамында қызмет өтеген. 1982 жылдан бері «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ жоғары вольттік қызметінде электр-газ дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. 1987 ж. бері “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі болып табылады.

Отыз жыл іздеу жұмысы ішінде Александр Азегов 200-ге жуық мерт болған жауынгерлердің сүйегін көтерді. Оның жеке рекорды 15 жыл бұрын бір күнде 4 сарбаздың сүйегін тапқан кезде болған. 1993 жылы оның 9 адамнан тұратын жасағы 90 қызыләскершілерді тапқан. 1993 жылдан бері Александр халықаралық Жады вахтасына қатысып, жастарды іздеуге тартып жүр. «Саланг» аэромобилді әскер жауынгерлерінің ұстаханасына айналды. Александр Анатольевич клуб тәрбиеленушілерімен білімін, өмірлік тәжірибесін, бастысы моральдық құндылықтарын бөліседі. Әскери-патриоттық клубтың тәрбиелік процесі жасөспірімдерге армандауға ғана емес, бастысы қойылған мақсатқа жетуге үйретеді.

Александр Азегов оқыту және іздеу жорықтарын жасау уақыты ішінде 2000 отан қорғаушыларды дайындады, олардың бәрі негізінен десанттық әскерде қызмет етеді, ал кейбірі өмірін әскермен байланыстырған.