Айнагүл Оралова – мұғалім, журналист.

Айнагүл Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетін «Театрлық мерекелер мен қойылымдарға жетекшілік ету» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек қызметін журналистика саласына арнады. «Астана» астаналық журналында (даму жөніндегі директордың орынбасары, art-директор, дизайнерлік бюро жетекшісі, фотоиллюстрация бөлімінің меңгерушісі) жұмыс істеді, қазіргі таңда - «I-BALA» журналында жұмыс істейді. 2010 жылы қала күніне арналған Президенттік мәдениет орталығында «Атамекен. Бабалар жері» жеке фотокөрмесі ұйымдастырылды.  Керемет мұғалім, білікті кәіпқой, талантты фотограф және фото-дизайнер, қызықты тұлға.