Мазинова Айнагүл Жалғасбайқызы, 1981 жылы 30 қарашада Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Жарқамыс ауылыныда дүниеге келді. Мамандығы бойынша филология магистрі, К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, кәсіпкер, көп балалы ана. 
Үлкен балалары Жоламанов Данияр және Мұратқызы Әйгерім Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарлама негізінде іске асырылған «Қазақстанның білім беру саласындағы үздіктер энциклопедиясы - ОZATTAR» жинағына енді. Ұлы Данияр Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Өркен» Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Ұлт көшбасшысы грантының иегері болып табылады, ғылым және техника саласында облыстық және республикалық деңгейде зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қызы әйгерім облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде фортепиано бойынша конкурстарда жетістіктерге жете білді, сондай-ақ «Самұрық» эстрадалық балет құрамында Бас жүлде иеленді, декоративті-қолданбалы өнер көрмесіне үнемі қатысады.  
Айнагүл Жалғасбайқызы қызы Әйгерім Мұратқызының киім дизайнын сурет салуындағы талантын және декоративті-қолданбалы  сипаттағы әртүрлі бұйымдарды орындауда ерекше қабілеттерін назар аудара отырып, осыдан он жыл бұрын декретке шығу себебінен тоқтап қалған ателье жұмысын қалпына келтірді және 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап әртүрлі дизайнерлік киімді және олардың аксессуарларын шығару және әзірлеуге мамандандырылған «Ai Kerim style and design» брендінің негізін қалады. 
Айнагүлдің көптеген мақсаттарының бірі – жеңіл өнеркәсіпті, Отанымыздың текстиль сферасын дамыту және отандық өнімнің сапасын жақсарту. Бірақ оның ең басты мақсаты, бұл – өз білімі мен дағдысын Отанымыздың  пайдасына тек қана теория жүзінде ғана емес, тәжірибеде де қолдана білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу. Айнагүл Жалғасбайқызы жасаған «Ai Kerim style and design» бренді өз жұмысын жақында ғана бастады, бірақ бұған қарамастан  киім Әйгерім Мұратқызының нобайлары бойынша бренд ұжымының жасаған киім дизайны Алматы қаласында өткен Қазақстан халықтарының ассамблеясы ұйымдастырған «Этно-fashion» фестиваліне, «Ұлы дала өрнектері" - қазақ этникасы элементтері бар кеңсе және жастар киімі бөліміне қатысты. Қазіргі уақытта ұжым Ақтөбе қаласының Баскетбол Федерациясының қатысушылары үшін отандық өндірістік спорт киімін әзірлеумен айналысуда. Кәсіпкер, педагог және қарапайым көп балалы ана – Айнагүл Мазинова Мемлекеттің кәсіпкерлерге көрсетілген көмегі негізінде былғарыдан жасалған өнімді шығаруды және жоғары сапалы мата өндірісін жоспарлап отыр.