Әбиірбек Тінәлі - әртіс

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында  актер қызметін жемісті атқарып, театрдың шығармашылық жұмыстарының өркендеуіне  айтулы үлес қосуда.

Әбиірбек Тінәлі еңбек жолын театр өнеріне арнаған осы жылдар ішінде көптеген қойылымдарда  кейіпкерлер образын сәтті сомдап шықты. Ал, театрдың музыка бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған жылдары жүздеген қойылымдарда негізгі және көпшілік сахнасындағы рольдерде ойнап, актерлық шеберлігімен танылды. Ондаған қойылымдарға өзі музыка жазды.      

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып қойылған Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» драмасына арнап, Б.Бекжановтың «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңіне арнайы ән жазды.

Әбиірбек Тінәлі театр өнеріндегі ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін 2001  жылы 10 желтоқсанда «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болған.

Сондай-ақ, әр жылдары облыс әкімдігі мен басқа да басқару органдары тарапынан Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталған.